(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТЕРРОРИЗМГЕ...

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 Қаулысы

(2023.18.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 6 мамырдағы

 № 305 қаулысымен

бекітілген

 

 

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге

 қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын

 талаптар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.